ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында орналасқан №104 сайлау учаскесінің төрайымы Айман Дүйсенованың айтуынша, аталған учаскеге 2662 сайлаушы тіркелген.
"Олардың ең белсенділері есік ашыла салысымен келіп, дауыстарын беруде. Бізде алғашқы 50 кісіге түрлі сыйлықтар дайындалған. 18 жасқа биыл толып, бірінші рет дауыс беруге қатысып отырған азаматтарымызға да сыйлықтарымыз бар. Өйткені бұл күн барлық қазақстандықтар үшін ерекше есте қалатын күн болуы тиіс", - деп атап өтті ол.
Осы учаскеде ең алғашқылардың бірі болып дауыс берген зейнеткер Наталья Григоренконың айтуынша, ол үшін бұл күннің маңызы зор.
"Шынымды айтсам, мен таң атпай оянып алдым. Өйткені бұл күн барлығымыз үшін маңызды. Ертең бейбіт және бақытты күнде өмір сүргіміз келеді. Сол үшін де бүгін дұрыс таңдау жасауға тиіспіз", - дейді сайлаушы.