Астанада «Әлімовшілер» тобының барлық мүшелері ұсталды ?ІІД

None
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанада «Әлімовшілер» қылмыстық тобының барлық мүшелері тұтқындалды.
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгінде топ жетекшісі Нарбеков, осы топтың мүшелері ? Аманбаев, Жақсылықов, Ағыбаев, Жандарбек, Ауғанбаев және оның тағы бір сыбайласы кісі өлтіргені, қару-жарақ сақтағаны, алаяқтық және бұзақылық жасағандары үшін қылмыстық жазаға тартылып отыр. «Ауғанбаев және оның сыбайласы - «Әлімовшілер» тобының соңғы мүшелері. Олар өткен айдың 20-сында қаладағы 40-шы бағыттағы автобуста жолаушыларды тонап жатқан кезінде ұсталды. Осылайша Астанада тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттері тоқтатылды», - деді Н.Ораз. Айта кетейік, соңғы бес айдың ішінде елорда аумағында қылмыстық топтардың 2 жетекшісі және 6 белсенді мүшелері құрықталды.