Астанада Әлия Әбікенованың «Ән гәккуі» атты концерті өтіп жатыр

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қазақстан» концерт залында белгілі әнші Әлия Әбікенованың «Ән гәккуі» атты концерті басталды. Концерт Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурызға арналып отыр.

Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова, «Тарту» тобы, әнші Ләззат Жанаманова, әжелер хоры, «Терра» би тобы және басқа да көптеген өнер майталмандары қатысады.

Әлия Әбікенова еліміздегі фольклорлық әндерді нақышына келтіріп орындап жүрген белгілі әншілердің бірі. Оның репертуарындағы халық әндері заманға сай өңделіп, жаңаша түрде орындалып жүр. Ә. Әбікенованың «Өмірге сауал», «Өкініш тамшылары» және басқа әндері ел арасына кеңінен тараған.