Астанада «Алла» деген жазу бар жұмыртқа табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қасиетті Қадір түнінде ерекше оқиға орын алды, деп хабарлады Хазірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.

Хазірет Сұлтан мешітіндегі медреседе оқитын шәкірттің бірі Нұрсұлтан Нұрболов имамдарға ерекше тауық жұмыртқасын көрсетті.

«Жұмыртқада араб тілінде жазылған «Алла» деген жазу анық көрінеді. Шындығында бұл таңғажайып жаңалық кімді болмасын ойландырмай қоймасы анық», делінген хабарламада.