Астанада «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсанда Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы - «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бұл ауқымды тарихи жобаның авторы - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production»  ЖШС-нің қатысуымен түсірілген», делінген хабарламада.