Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар, ағаш пен былғарыдан жасалған өнімдер, ұлттық тоқыма, қазақы сән үлгілері, ұлттық киімдер мен аксессуарлар, сырмақ, сөмке, әмиян, белдік, кәдесыйлар, сәндік паннолар және бейнелеу өнері туындылары ұсынылды. Экспозицияның жекелеген бөлімдері Жамбыл Жабайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналды.
— «Creative Aimaq» жобасының мақсаты — өңірлік креаторларға өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға, жаңа тұтынушылар табуға және отандық креативті өнімдердің нарығын кеңейтуге мүмкіндік беру, — дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, жобаның алғашқы сегіз өңірдегі нәтижелері бұл форматтың тиімділігін көрсетті. Креаторлар жаңа тұтынушылар мен серіктестер тауып, өнімдерін өңірлік нарықтан тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік алды.
Бұдан бұрын Астанада Абай облысының креативті әлеуеті таныстырылғанын жазғанбыз.