Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Атырау қаласында да кей уақытта тұман болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Қостанай қаласында тұман болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей уақытта 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, сондай-ақ таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с болады. Таразда оңтүстік-батыстан соққан жел түнде және таңертең 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысы мен орталығында 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Тұман да түседі. Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Кей уақытта желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысы мен шығысында түнде жауын-шашын жауады. Солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шымкентте оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Абай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары. Қызылордада кей уақытта тұман болады.
Павлодар облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түседі. Павлодарда да тұман.