Астанада алты жасар баланы баланы жүк көлігі қағып, мерт қылды
08:43, 24 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті.
Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен манвер жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен, - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінен.
Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.