Астанада алты жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінде 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Kazinform

Мәселен, Департаменттің хаттары негізінде 6 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екеуіне қатысты лицензияны тоқтата тұруға ұсыныстар жіберілді, бесеуіне қатысты тәртіптік комиссия тағайындалды.

Фото:Астана қаласының әкімдігі

Оның ішінде ведомствода азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды. 2023 жылы қала соттары мамандарының іс-әрекеттеріне 34 (өткен жылы 41) өтініш келіп түсті, оның ішінде 4-і өз растауын тапты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7 өтінішке немесе 17 пайызға аз.

Айта кету керек, Сот әкімшілігі департаментіне «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс қорытындысы шығарылды. Осылайша, барлығы 29 мыңнан аса талап-арыз келіп түсті, олардың ішінде 79% электронды түрде берілді.

Ішкі істер органдары (әкімшілік полиция) «Сот кабинеті» сервисі арқылы 16 мыңнан аса әкімшілік материал жіберді, бұл 29,6% құрайды.