Астанада америкалық GE HealthCare Academy оқу орталығы ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі АҚШ-қа жасаған сапары кезінде GE HealthCare компаниясымен негіздемелік келісімге қол қойылған болатын. Соның аясында бүгін Астана медицина университетінде GE HealthCare Academy-дің елдегі алғашқы оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оқу орталығының бағдарламасына акушерлік, гинекология, репродуктивті медицина, кардиология саласындағы ультрадыбыстық диагностика тақырыбындағы курстар кіріп отыр.

Орталықта жылына 150 адам курстан өтеді.

Орталықтың ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Компаниямен кездескен кезде жаңа зауыттар ашып қана қоймай, әлемдегі танымал компаниялардың біздің мамандары оқытқаны да маңызды екенін айтқанбыз. Ол зауыттарға өзіміздің компаниялар, өз инженерлеріміз қызмет көрсеткені керек. Сондықтан бізде даму институттары мен тренинг орталықтары ашылса деген тілегіміз болған», - деді министр.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оқу орталығында Астана медициналық университеті мен GE HealthCare мамандары сабақ жүргізеді.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Кейбір дәрістер мен шеберлік сабағына қазақстандық және шетелдік сарапшылар тартылмақ.

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниэл Розенблюм мұндай деңгейдегі әріптестік екі жаққа да тиімді екенін айтады.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Жаңа орталық екі жақ үшін де жақсы мүмкіндік. Өйткені Астана медициналық университетінде GE HealthCare сарапшыларының қолдауымен жаңа технологиялар таныстырылады. Оның пайдасы медицина саласын игеріп жүрген студенттер мен дәрігерлерге ғана емес, солардан ем алатын қарапайым тұрғындарға да тиеді. Сондықтан мұндай әріптестік өте маңызды», - деді АҚШ елшісі.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform