Түн ортасына қарай елорда көшелерінің бірінде қайғылы оқиға орын алуға шақ қалды. Белгісіз азамат адамдарға мылтық кезеніп, олардың көзін жоюға қоқан-лоққы жасаған. Дегенмен, оның бұл әрекеті іске аспай қалды, болып жатқан оқиғаны торуылда жүрген әскери қызметшілер дер кезінде байқап қалды. Торуылдың өзіне жақындап қалғанын көрген ол автомобильге жасырынып қалуға тырысты. Алайда, әскери қызметшілер мен полициейлердің бірлескен кәсіби қимылының арқасында қылмыскер қолға түсті. Кейіннен одан қару мен оқ-дәрі тәркіленді.
Құқық бұзушы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді, мәселенің мән-жайы анықталуда.