Астанада апат салдарынан көпқабатты 11 тұрғын үй сусыз қалды - ТЖМ

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Астанада болған екі апаттың салдарынан көпқабатты 11 тұрғын үйдің тұтынушылары бірнеше сағат бойы сусыз отырды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Екі оқиға да қаланың Алматы ауданында орын алды. ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, наурыздың 10-ы күні таңертеңгі сағат 06.15-те Молодежный шағынауданындағы №44-ші үйдің маңында 200 мм диаметрде су құбыры жарылған. Оның салдарынан Тәшенов, Балқаш, Макин және Астрахан көшелерінің тұрғындары сусыз қалды. Су құбыры 16 сағат 50 минутта қалпына келтірілді.

Сондай-ақ осы күні таңертеңгі сағат 10.00-де Республика даңғылы бойында тағы бір су құбырының жарылуы болды. Оның диаметрі 150 мм-ді құрады. Көпқабатты 6 тұрғын үй коммуналдық қызметтер апатты толығымен жойғанға дейін 10-сағатқа жуық сусыз отырды.