Апат 24 сәуір күні 20.00-де Ақан сері және Н.Тілендиев көшелерінің қиылысында болды.
«Дабыл сәулесі бар жедел жәрдем көлігі Ақан сері көшесінде келе жатқан. Тілендиев көшесіне бұрыларда, бағдаршамда Тойота маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі өртенді», - деп хабарлады Астана ІІД.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.