Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қорқынышты апат төрт әскери қызметшінің өмірін қиды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери және қызметтік борыштарын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ұшқыштар өлгеннен кейін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Орденді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин табыс етті.
«Тікұшақ экипажы осындай қиын ұшу жағдайына түскеннен кейін де жауапкершіліктің жоғарғы деңгейімен тікұшақты кенеттен тап болған режимнен шығаруға соңына дейін күресті. Олар осы дүниеден батыр болып кетті, біз оларды мәңгі есімізде сақтаймыз!», - деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин.