Астанада апатты үйлердің орнына гүл бағы салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы сүрілген апатты және тозығы жеткен үйлердің орнына 14 гүл бағы мен желекжол (бульвар) салынады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы .

Бұл туралы ауа тазалығы бойынша өткен  брифингте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев мәлімдеді.

Биыл Астанада 30 мыңнан аса ағаш отырғызылды. 

«Осы жылы қаланың оңтүстік-батыс бөлігі мен Талдыкөл су қоры, әуежай жаққа қарай болашақта орманға айналатын жасыл желектер отырғызылды», - деді М.Танабаев. 

Қазіргі таңда елордада 10 саябақ, 4 бульвар, 95 гүл бағы (сквер) бар. Оның бесеуі 2017 жылы ашылды. 

Келесі жылы 14 гүл бағы мен желекжол бас қаланың сәнін аша түспек. 

«Осы айтылған саябақтың көбісі қалалықтардың өтініші бойынша сүрілген үйлердің орнына салынатын болады», - деді басқарма басшысы.