Еске сала кетейік, 2015 жылғы 4 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.Садыровқа, К.Үбішевке, И.Дәуітовке қатысты айыптау үкімін шығарған болатын. Олар ҚР ҚК 3-бөлімінің 24-бабы, 2-бөлімінің 96-бабының а, ж, з тармақтары бойынша (жеке басы мүддесі мақсатында ұйымдасқан топтың алдын ала келісімімен екі немесе одан көп адамдарды өлтіруге қастандық, сондай-ақ кісі жалдауға тең) қылмыс жасауға айыпты деп танылды.
Қылмысты ұйымдастырушы М.Садыровқа 14 жылға, орындаушылар К.Үбішев пен И.Дәуітовке 13 жылдан бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шағарылды.
Қылмысқа тапсырыс берушіге қатысты қылмыстық іс алдын ала тергеу барысында бөлек өндіріске алынып, оған іздеу жарияланды.
2015 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, қорғаушылар мен сотталушылар тарапынан берілген апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ.
Жоғары инстанцияның пікірінше, соттың зерттелген айғақтар жиынтығын ескеріп, сотталушылардың айыбы дәлелденуі туралы қорытындылары негізді.
Үкім 2015 жылғы 22 желтоқсанда заңды күшіне енді.