11:16, 25 Қыркүйек 2013
Астанада апта соңы жаңбырлы болады
АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Жұмыс аптасының соңында күн жылы, бірақ жауын-шашынды болады.
Түнде ауа температурасы 8 13°C, күндіз 12 25°C-ты құрайды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады. «Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11 13°C, күндіз 23 25°C болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына Қазгидрометтен. Ал апта соңында (бейсенбі күні) күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8 10°C, күндіз 19 21°C болады. Жұма күні синоптиктердің болжамынша күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8 10°C, күндіз 12 14°C-ты құрайды.