Бұл туралы аstana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады
«Дүйсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады. Солтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 3 5°C, күндіз 10 12°C болады», - деп хабарлады Қазгидрометтен.
Сейсенбі күні елордада күн ала бұлтты жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 3 5°C, күндіз 11 13°C болады.
Аптаның ортасында көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2 4°C, күндіз 13 15°C болады.