Астанада аптап ыстықтан 21 адам зардап шекті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ыстық ауа райынан 21 адам жедел медициналық жәрдемге жүгінген. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем стансасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы аптада ауатемпературасының жоғарылауынан қалалық жедел медициналық жәрдем стансасынатүсетін қоңыраулар 6% -ға артты. Аптап ыстықтан 21 адам жедел медициналықжәрдемге жүгінді. Оның 8-іне күн өткен және 13 адам есінен танған», - депхабарлады елордалық жедел медициналық жәрдем стансасының қоғаммен байланысорталығы.

Сонымен бірге,астаналық дәрігерлер аптап ыстықтан қорғану бойынша кеңес берді.

«Ыстық өткенінсезсеңіз, ең алдымен ағзаны салқындату қажет. Тікелей күн сәулесінен көлеңкегеөтіп, маңдайға мұз басуға болады. Әсіресе, қапырық ыстықтан, бас киім кимеуден,желдетілмейтін мекемеде отырудан немесе алкогольді ішімдіктен жағдай нашарлайтүседі. Ағзаға көмектесу үшін, шалқадан жатып, денені тар киімнен босату қажет.Мәселен, жағаны ашып, белбеуді ағытуға болады. Жүрек айныған сәтте бір қырменжату керек, сонда тыныс алу жолдарына бөгде зат кетпейді. Бөлметемпературасындағы суды аздаған жұтыммен ішу керек», - делінген хабарламада.