Баспасөз қызметінің таратылған хабарламасында атап көрсетілгендей, көліктегі ішкі істер органдарының пайда болған кезінен бастап қызметтік борыштарын өтеу кезінде 10 қызметкер қаза тапқан. Мұндай оқиға алғаш рет 1947 жылы болған: қоғамдық тәртіпті күзету кезінде қарақшылар қолынан Роман Волошенко қаза тапты. Соңғы оқиға 2008 жылдың 10 тамызында болған. Түн ортасында көрші үйден көмекке шақырып жатқан дауысты естіген Шу стансасының полиция қызметкері аға сержант Рахат Амантаев оқиға орнына жүгіріп, пышақтың астына түсіп көз жұмды.
Қаза тапқан ерлердің құрметіне Астана қаласы көліктегі Орталық ІІД-нің ғимаратында мемориал ашылды.