АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Қазақстан» спорт сарайында 8-12 мамыр аралығында ММА аралас жекпе-жектен VI Қазақстан чемпионаты мен «Көшпенділер айқасы-X» кәсіпқой жекпе-жек шеберлерінің турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнирде басты жекпе-жек Азия және әлем чемпионы қазақстандық Шавкат «НОМАД» Рахмонов пен тәжікстандық файтер Фаридун «ТЕРМИНАТОР» Одилов кездесуі болмақ.
Жалпы жарыс 14 салмақ дәрежесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Онда Қазақстанның әр өңірінен жиналған ең таңдаулы спортшылар чемпиондық атақ үшін сынға түседі. Сонымен қатар өзге елдерден де спортшылары қатысады. Аталған доданы «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.