Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, «Көктал» кентінің тұрғындары, елордалық мектеп оқушылары, Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен «Наз» Мемлекеттік театрының ұжымы майданнан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккері Екатерина Небесная аstana.kz сайтына Жеңістің қиындықпен берілгендігі туралы айта келе: «Соғыс басталғанда мен мектеп бітіріп жаттым. Қатарластарымызды майданға шығарып салып, олардың елге аман-есен оралуын тіледік. Көпшілігі оралмады, майдан даласында көз жұмды. Әрбір отбасы бір адамын жоғалтты. Сондықтан мұндай қасіреттің енді бетін аулақ қылсын», - деп атап өтті.