Астанада ардагерлердің қатысуымен спорт күнін атап өтті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен Спорт күніне орай ардагерлердің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде Спорт күні болып белгіленген. Осыған орай бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Астанадағы «Комфорт» қонақ үйінде спорт ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алдарына ақ дастархан жайды.
 
 

Аталған шарада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов спорт ардагерлерін мерекесімен құттықтай келе: «Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның чемпиондары мен жүлдегерлері сіздер салған сара жолды жалғастырып келе жатыр. Сіздердің есімдеріңіз мәңгі ел есінде қалды. Қазақ спортының тарихы сіздердің есімдеріңізбен тікелей байланысты», - деп атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаевтың алғыс хатын оқып берді.
 

Салтанатты шараға А. Тұяқов, Қ. Ордабаев, С. Дрютов, Ж. Жұмабеков, Р. Асубаев, Т. Тойшыбеков бастаған белгілі тұлғалар мен танымал бапкерлер, спортшылар және спорт журналистері қатысты.
 
 

 

Соңғы жаңалықтар