Осылайша, жедел-алдын алу операциясының барысында «Артем» сауда үйінің қасында полиция қызметкерлері пиротехникалық өнімнің ірі тобын - 13 қорапта болған 783 данасын тәркіледі. Оларды сақтауға және сатуға рұқсат ететін құжаттар болған жоқ. Заңнаманы бұзған сатушыларға әкімшілік айыппұлдар салынады.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 19 желтоқсанынан бастап полиция қызметкерлері ТЖ қызметкерлерімен бірігіп пиротехникалық өнімдерді сататын сауда орындарына рейдтер жүргізіп жатыр. Осындай рейдтердің мақсаты - пиротехникалық өнімдерді сату және сақтау ережелерінің сақталуын тексеру болып табылады.