«Сот 2015 жылы 16 маусымда айыпталушылардың «Артем» СҮ маңында қоғамдық тәртіпті бұзып, топтық төбелесті ұйымдастырғанын анықтады. Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Сотта айыпталушылар кінәларын мойындап, жасаған істеріне өкінетіндіктерін білдірді», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлімі 1 бөлімшесінде қарастырылған қылмысқа айыпты деп танылды. Сот 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу және 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.