Астанада «Артем» темірбетонды құрылымдар аумағында өрт болды
08:13, 09 Сәуір 2012
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 8 сәуір сағат 02.40-та Астананың «Сарыарқа» ауданында «Артем» темірбетонды құрылымдар аумағында «Теміртау электрметалл комбинат» АҚ-на тиесілі жұмыртқа қағаздарын жасайтын зауыттың қоймасында өрт болды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өртке қарсы қызметінің 80 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 250 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.