АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Президент кубогі ATP Challenger Tour турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағанды теннис мектебінің 19 жасар түлегі, дүниежүзілік рейтингте 1345-орында тұрған А.Айтқұлов бастапқы кездесуін әлемнің бұрынғы 33-інші, қазіргі 740-ракеткасы, өзбекстандық, ATP 250 жарысының екі дүркін чемпионы Денис Истоминмен өткізді.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Арысланбек ертең іріктеу сайыстарының финалында негізгі додаға өту үшін әлемнің 665-ракеткасы, үндістандық Калианд Пуначпен таласады.
Басқа қазақстандық Виталий Зацепин мен Григорий Ломакин қарсыластарына жол берді. 17 жасар Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовтан 3:6, 2:6 есебімен ұтылса, Ломакин ресейлік Евгений Филипповтан өте алмады - 1:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнир басталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).