«Абай-Республика көшелерінің қиылысында орналасқан 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіштің бір бөлігін ұрлаған күдікті қамауға алынды»,-деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Сонымен бірге ұрланған мүлікті сатып алған адамның да аты-жөні анықталды. Қазір 196-бап (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу) бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Жүген ұстаған бала композициясын полицейлер металл сынықтарын қабылдау пункттерінің бірінен тапқан.