«Astana Food and Fashion Festival» шарасы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылған болатын және өзін сәтті әлеуметтік жоба ретінде таныта білді.
Тағам және Сән Фестивалі шеңберінде мейрамханалар, дәмханалар, қазақстандық кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдері «Шатыр», «Жерұйық», «Көк базар» атты дәстүрлі секцияларда өз өнімдерін ұсынатын болады. Фестиваль директоры Әлия Сапарова аталмыш жоба астаналық мейрамханалар мен дизайнерлер үшін ерекше серпін береді деп санайды. Себебі мұнда әріптестік қарым-қатынастарды орнатып қана қоймай, жаңа білім жинақтауға мүмкіндік тумақ. Себебі шара барысында Франциядан, Италиядан, Ресейден келген шеф-аспазшылар шеберлік сағаттарын өткізеді.
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрме қарсаңында бұл шараға қатысатын серіктестер «Recommended by EXPO» мәртебесіне ие бола алады.
Фестивальде мерекелік джаз бағдарламасы, Pop Up Shop Astana секторы дизайнерлік киімдер, зергерлік әшекейлер, көркем-өнер галереясы мен интерьер бұйымдарын, Mamas EXPO секторы балаларға және бүкіл отбасына арналған ойын-сауық шараларын ұсынады. «Астаналық» секторда асүйге арналған өнімдер көрсетілсе, «Спорт алаңы» белсенді өмір салтын дамытуға бағытталған.
«Astana Food and Fashion Festival-2016» қала тұрғындарын қазақстандық тағамдармен, ас және сән саласының жаңалықтарымен, қауіпсіз әрі мәдени отбасылық демалыс түрлерімен таныстыру арқылы Қазақстан азаматтарының жаңа өзіндік дербес көзқарасын қалыптастыруға жол ашады», - дейді А.Сапарова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Astana Food and Fashion Festival» барысында қатысушылардан жиналған қаражаттың 10 пайызын «Ашық әлем» және «Дара» қайырымдылық қорына аударады.