Мерекелік концерт қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда би кеші (дискотека) форматында өтеді. Ән кешінің қонақтары қатарында Қазақстанға белгілі эстрада әншілері бар, атап айтқанда Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қошқалиев, Ayree, «Заман» және «3038» тобы және Раим мен Артур.
Кеш жүргізушілері Азат Әбікен және Олжас Рымбаев. Концерт сағат 17:00-де басталып 22:00-ге дейін созылады.
Айта кетсек, шара қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылады.