Әр жексенбі сайын таңғы сағат 10:00-ден түскі 13:00-ге дейін білікті фитнес-нұсқаушылардың қатысуымен жаппай жаттығулар жүргізіледі.
Астананың Орталық саябағында кроссфит, йога, бразилиялық джиу-джитсу және зумба биі бойынша сабақтар өтеді.
«Жерұйық» саябағында кроссфит пен зумба элементтері бар бір сағаттық жалпы физикалық жаттығулар және дәстүрлі джиу-джитсу бойынша шеберлік сабақтары жүргізіледі.
Студенттер саябағында кроссфит пен зумба элементтері бар бір сағаттық жалпы физикалық жаттығулармен бірге тай боксы да үйретіледі.