ҚР ККМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Орталық Азия аймағы өңірінде «Ашық үкімет» бастамасын бірінші болып ұсынды. Бұл жоба «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын болады.
Ашық ақпарат порталында барлық мемлекеттік органдардың мәліметтері- статистикалық деректер, мекемелердің орналасуы, мекенжай туралы ақпараттар, байланыс телефондары, жауапты қызметкерлер туралы ақпарат, салық декларациялары мен әртүрлі анықтамалар жинақталып, сақталады. Бұл ақпаратты кез-келген азамат пайдалана алады.
Ашық деректерді өндіріп, түрлендіре өзгертіп, деректер базасына қайтаруға немесе басқа мәліметтермен біріктіріп жаңа бір ақпарат топтамасын жасауға болады. Ашық ақпараттар негізінде IT-компаниялар жұртшылыққа күнделікті пайдану үшін қажетті әртүрлі интерактивтік қосымшалар әзірлей алады.
Осындай қосымшалардың бірі - «Мемлекеттік мекемелер навигаторы» қанатқақты жобасы. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев: «Азамат өзі тұрған жерді анықтап алғаннан кейін, аталуы мен мекенжайын біле тұра, жақын жердегі мекемені таба алады. Мысалы, нотариусты немесе, мектеп туралы ақпарат біле алады» - деп айтып өтті жобаны таныстыру барысында.
Сонымен қатар, қосымшалар арқылы пайдаланушылар, билік назарына түсетіндей, ой-шұңқыры көп, істен шыққан жолдардың, немесе тұраққа жол ережесінің бұзылуымен қойылған көліктің фотосын жібере алады.
Үкіметтік деректердің ашық түрде жариялануы мемлекетті басқару үдерістерін ашық және айқын түрде өткізуге мүмкіндік береді. Әртүрлі деректер мен мәселенің шешілу барысы туралы сұрақтарға жауап алу үшін азаматқа мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті болмайды. Барлық ақпарат data.gov.kz порталында қолжетімді болады.