Астанада «Ашық тариф» Қазақстан Қауымдастығы өкілдерінің конференциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 4-5 желтоқсан күндері «Орталық Азия Даму Институты» Қоғамдық қоры «Сорос-Қазақстан» Қорының қолдауымен «Ашық тариф» Қазақстан Қауымдастығы өкілдерінің Конференциясы өтеді, деп хабарлады аталған қоғамдық қордан.

Конференция «Тарифтік құрылым, электр қуатын үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру саласында мемлекеттік және өңірлік саясаттың тиімділігін бағалауда тұрғындардың мүмкіндіктерді пайдалануы үшін жағдай жасау» жобасы шеңберінде өтпек.

«Тұрғын үй комуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейінгі жаңғырту Бағдарламасы» бойынша тарифтер ұсыну арқылы қосымша 452,4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жыл бойынша 184,9 млрд. теңге жинау қарастырылған. ТМРА есебі бойынша 2009 жылдан 2013 жылға дейін инвестициялық үстемелер есебінен 737 млрд. теңге жиналған. Сонымен қатар, желілер мен жабдықтардың тозуы, қуаттың жетіспеушілігі жөніндегі құзырлы органдар келтірген мәліметтерде де осылай көрсетілген. «2010-2015 жылдарға электр энергетикасын дамыту Бағдарламасы» бойынша тарифтер ұсыну арқылы қосымша 661,2 млрд теңге жинау жоспарланған. «Ашық тариф» Қазақстан Қауымдастығы өкілдерінің Конференциясына ҚР Парламент Мәжілісі фракцияларының депутаттары, республиканың 12 өңірінен және Қазақстан сарапшылар қоғамдастығынан ҮЕҰ өкілдері қатысады.