ҚР ІІМ Ішкі әскері Орталық оркестрінің жетекшісі, капитан Алексей Терещенконың айтуынша, оқу-әдістемелік жиынның басты мақсаты -өзара іс-қимыл орнату мен тәжірибе алмасу.
«Осындай жиындар бізде екі жылда бір рет өткізіліп отырады», - деп атап өтті А. Терещенко.
Қазылар алқасы ең үздік әскери дирижерлерді анықтады. Әскерлер бас штабының бастығы, генерал-майор Еркін Ботақанов оларды грамоталармен марапаттап, алғыс жариялады. Жиын дәстүрлі концертпен аяқталды, оған қатысқан әрбір қатысушы өзінің жее бағдарламасын ұсынды.