Ірі спорттық шара ҚР Президенті күніне орай «Дәулет» спорт кешенінде ерлер арасында ұйымдастырылады. Жарысқа республиканың әр өңірінен, қуатты құрылымдардан жасақталған 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесі бойынша 26 команда сынға түспек.
«Аталған турнир отандық спортшылардың және еліміздің қуатты құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, спорт сүйер қауым үшін турнир барысында бағалы сыйлықтар мен лотерея ойнатылады. Көрермен назарына ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің концерттік бағдарламасы мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекпе-жек сайысынан қойылымдық көрсетілімдер ұсынылады», - дейді турнирді ұйымдастырушылар.
Аталған дүбірлі доданың өтуіне жекпе-жек сайысынан Бүкілқазақстандық қауымдастық пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті ұйытқы болып отыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімін 28 қараша күні сағат 15:00-де өткізу жоспарланған. 29 қараша күні сағат 18:00-де турнир қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.