Астанада әскери қызметке шақырылатын жастарға арналған патриоттық жиын өтті

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында әскери қызметке шақырылатын жастарға арналған патриоттық жиын өтті.

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға IҰлы Отан соғысының және ауған соғысының ардагерлері қатысып, әскер қатарына қосылатын жастарға ақ жол тіледі. «Қазір бұрынғыдай емес. Әскери қызметті бір-ақ жыл өтеу керек. Біз болсақ, 2-3 жыл қатарынан әскерде болдық. Дегенмен, аз уақытқа қарамастан,осы мемлекеттік маңызы бар борышты абыроймен атқарып шығу қажет», - дейді Ауған соғысының ардагері, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.

Айта кетейік, биыл Астана қаласы бойынша шамамен 14 мың адам әскери қызметке шақырылады. Олар тура бір айдан кейін әскерге аттанады.