«Біздің мақсатымыз - әскери қызметшілерді спортпен айналысуға жұмылдыру. Бүгінгі акция әскери-патриоттық көңіл-күйді қолдауға және салауатты өмір салтын жүргізуге арналып отыр. Осы шараға жеке құрам жүз пайыз жиналды», - дейді Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Игорь Свиридов.
Шараға қатысушылар бес шақырымдық қашықтықта бақтарын сынады. Жарыс қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткен жекелеген әскери қызметшілерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінен.