Астанада әскерилер арасындағы мини-футболдан жеңімпаздар анықталды
19:15, 03 Маусым 2009
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, әскери бөлімдер және Ақмола аймақтық горнизонының құрылымдық бөлімшелері арасында мини-футболдан турнир аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған жалпы саны 24 команда қатысты. Солардың ішінде жартылай финалда төрт команда күш сынасқанымен де, финалға Әскери әуе күштері және Әскерді орналастыру Бас басқармасының командалары шықты.Турнир армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің спорт кешені базасында өтті.Турнирді өткізуге ұйымдастырушы болған ҚР Қарулы Күштерінің Штаб бастықтары комитетінің ұрысқа және әскери қызметке дайындық департаментінде қазіргі уақытта мини-футбол ойындарының соңғы қорытындысы шығарылуда. Таяу күндері Қорғаныс министрлігінің ғимаратында турнир жеңімпаздарын салтанатты марапаттау болып, онда үздік қақпашы, шабуылшы және қорғаушылардың есімдері аталмақ.