Шараның мақсаты - қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін таныту, өскелең ұрпақтың бойына заманауи әдеп пен адамгершілік қасиеттерді дарыту, әртүрлі этностардың бай мәдениетімен, дәстүрімен таныстырып, жас ұрпақтың шығармашылық дарынын дамыту.
Сұлулық байқауына этномәдени бірлестіктердің 7 өкілі қатысты.
«Ассамблея - 2017 аруы» байқауының қатысушылары алдымен өздерін таныстырды. Сондай-ақ өздерінің арман-тілектері туралы айтып өтіп, бойларындағы шығармашылық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Байқау барысында қазақстандық эстарада жұлдыздары мен елорданың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Қатысушылардың міндеті ұлттық мәдениет пен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету еді.
«Ассамблея - 2017 аруы» байқауының қорытындысы бойынша, Астана қаласының кәріс этномәдени бірлестігінің өкілі Анастасия Жмаева - Ким жеңімпаз атанды. «Ассамблея - 2017 вице-аруы» атағын «Радима» Беларусь орталығының өкілі Ирина Бондарь жеңіп алды. «Көрермендер көзайымы» «Оберег» украин қоғамдастығының өкілі Екатерина Захарчук болды.
Байқаудың жүлде қоры - 150 мың теңге. «Ассамблея - 2017 аруы» - 100 мың, «Ассамблея - 2017 вице-аруы» және «Көрермендер көзайымы» - 50 мың теңге.
фото: astana.gov.kz