АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ертең Астана қаласының мектеп оқушылары арасында асық атудан ашық турнир өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараның басты мақсаты - жас ұрпақ арасында қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін насихаттау, балаларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу.
Турнирді «Асық ату» федерациясымен бірге Ұлттық музейдің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.