деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан съезде негізгі үш мәселе - ел экономикасын индустриялизациялаудағы бизнестің мақсат- міндеттері, «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және ұйымның басқарма құрамын сайлау жайы қаралуда. Съезд жұмысына «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев төрағалық етуде.