Іс-шараны Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастыруда. 79 жыл бұрын дүние салған Ататүрікті еске алу шарасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтеді.
Көрмеге бұрын жарыққа шықпаған 40-тан астам сурет қойылады.
Шараның ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык, Парламент өкілдері, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының басшысы Алмагүл Исина, өнерпаздар мен тағы басқа қонақтар қатысады.
Айта кетейік, Мұстафа Кемал Ататүрік - Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті.