Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында белгілі болғандай, Астанада атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар саны едәуір артады.
«Елордада 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артып, 2500 отбасыны құрайды. Отбасы құрамы - орта есеппен төрт-бес адам», - деп хабарлады ведомстводан.
АӘК алушылардың негізгі бөлігін толық емес және көпбалалы отбасылар құрайды. АӘК алушылар жұмыспен қамту орталығына (Бейбітшілік көшесі, 25) барып немесе мына байланыс телефондары арқылы хабарласа алады: Алматы ауданы, тел: 72 93 57, Сарыарқа ауданы, тел: 72 93 31, Байқоңыр ауданы, тел: 72 93 38, Есіл ауданы, тел: 72 83 38.