Астанада атпен серуендеген ер адамға айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада әлеуметтік желіге бейнеролик түсіру үшін атпен автомобиль жолы мен тротуарда жүрген 35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

35 жастағы ер адам елордадағы ойын-сауық орындарының біріне бейнеролик түсіру мақсатында атпен автомобиль жолымен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен жүріп, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген.

Кейін «Бәйтерек» монументі маңына қарай бет алған кезде, жол қиылыстарының бірінде жылқы тротуарды ластап, жасыл желектерге зақым келтірген. Осылайша абаттандыру саласындағы заңнама талаптары бұзылған.

Аталған екі құқық бұзушылық фактісі бойынша ер адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жол қозғалысының басқа қатысушылары мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада ер адамның үстінен полицияға бір күнде үш шағым түсті.