Астанада ауа райы күрт суиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің хабарлауынша, елордада алдағы күндері күн суытады. Солтүстік-батыстан суық антициклон тармағы Астана қаласына ықпал ететіндіктен ауа райы температурасы төмендейді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгін түнде ауа температурасы 3 5°С болады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 12 14°С дейін көтеріледі.

Ертең, 15 қыркүйекте елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 1 3°С, күндіз 13 15°С жылынады.

16 қыркүйекте күн жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 16 18°С, түнде 5 7°С болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

"Қазгидромет" РМК мамандарының хабарлауынша, елордада алдағы аптада ауа температурасы төмендейді.