Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты елордада ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, 27 қазан - күндіз, 28 қазан - тәулік бойы оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғатынын хабарлайды. Жел екпіні 15-20 м/жетеді.

Осыған байланысты ТЖД ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Қатты жел болғанда:

- мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын күрделі құрылыс объектілерінде күтіңіз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздар;

- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.