Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екі әуе рейсі кейінге қалдырылды
17:41, 17 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екі әуе рейсі ұшырылмады. Бұл туралы ақпарат Астана әуежайының онлайн-таблосында көрсетілді.
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, Астанадан Алматыға Air Astana авиакомпаниясының KC 953 и KC 954 екі рейсі ұшырылмады.
Бүгін, 17 наурызда «Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Астанада ауа райы құбылмалы, кей кездері қар жауып, боран соғуы мүмкін, көктайғақ байқалуда. Ауа температурасы күндіз -1...+1 градус арасында.