«Ауаны ластау бойынша негізгі көрсеткіш автокөліктерге тиесілі. Дегенмен өткен жылы газға ауысқан кезде шығарынды айтарлықтай азайды. Елордада соңғы 5 жылда автомобиль саны 20,2 пайызға артты. Соңғы 3 жылда автомобильден шығатын атмосфераны ластаушы шығарынды көлемі өзгеріссіз қалып отыр. Биыл алты айда 27 мың тонна ауаны ластау жағдайы тіркелді. Автокөліктердің ауаны ластауына себеп – көліктердің көбеюі, көшелердегі жиі және үздіксіз кептелістер», - деді Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин қалалық мәслихат отырысында.
Оның айтуынша, Астанада ауа ластануының жоғары көрсеткіші жылыту маусымында жиі тіркеледі.