Астанада әуежайға барар жол бір айға жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыздың 15-і мен 25-і аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Астана қаласының халықаралық әуежайына дейінгі бөлігін қайта жөндеуге байланысты кейбір көшелер жабылады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келесі көшелер жабылады:

- Хусеин бен Талал көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы;

- №31 көше мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы;

- №24 көше мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы.