Астанада Әуезов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Әуезов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскесі жаңғырту жұмыстарына байланысты осы жылғы 24 маусымнан 5 шілдеге дейін жабылды.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің әкімшілік полициясы басқармасынан хабарлады.

Көлік құралдары жүргізушілеріне жабылған учаскені айналып өту үшін өз қозғалысының бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде жүргізушілерді ақпараттандыру үшін осы көшелердегі кірмежолдарға қажетті ескерту және тыйым салу жол белгілері қойылды.